Қыналы НОББМ Педагог - психологі
Косжанова А.С
Сынып ұжымын біріктіруге арналған тренинг сабағы
Тақырыбы: «Менің көзқарасымдағы – менің сыныбым»
Мақсаты:
- Сынып ұжымын біріктіру.
- Қолайлы психологиялық климат орнату, тұлға аралық қатынастағы кедергілерді жою, коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру.
Қажетті құралдар: қаламдар, есімдер жазылған парақтар, маркерлер, презентация.
Тренинг қатысушылары шеңберге жиналады.
Психолог: Бүгінгі тренингімізде біз біздің сынып жайлы әңгімелесіп, арамыздағы қарым - қатынас туралы сөйлесеміз. Алдымен тренинг сабағының ережесін еске түсіреміз. Қатысушылар тренинг ережесін айтады. Кейін сабақ презентациясынан тренинг ережесі көрсетіледі. Сабағымызды «Екеуміздің ұқсастығымыз сонда...» жаттығуынан бастаймыз.
Амандасу рәсімі
Қатысушылар «Алма», «Қарбыз», «Қауын», «Алмұрт» деп аталатын 4 топқа бөлінеді. Кейін әр топ өздерінің амандасу рәсімін ойлап тауып, көрсету керек.
- «Екеуміздің ұқсастығымыз сонда...» жаттығуы.
Қатысушылар екі топқа бөлінеді. Бір топ сыртқы шеңбер, ал екінші топ ішкі шеңбер жасайды. Бір - біріне қарама - қарсы тұрады. Сыртқы шеңбердегі әр бала, өзінің ішкі шеңбердегі сыңарына: «Екеуміздің ұқсастығымыз...», деп айтқан кезде, ішкі шеңбердегі сыңары «Екеуміздің айырмашылығымыз...», деп жауап қайтарып, шеңбер бойымен келесі адамға бір қадам жасайды. Барлығы өзінің бірінші сыңарына жетпейінше, осылай ойын жалғаса береді.
Рефлексия: Бір - бірлеріңнің ұқсастықтарың және айырмашылықтарың қандай екен?
- «Салфетка» жаттығуы.
Әрбір қатысушыға бірнеше рет бүктелген салфетка беріледі. Психолог нұсқауы бойынша: салфетканың оң жағын, төменгі сол жағын жыртып алу. Содан кейін салфетканы жайып, бірдей ұқсайтын салфетканы тауып алуға тырысу. Ондай салфетка жоқ. Оқушыларды ұқсас салфетка жоқ екені және бізде бір - бірімізге ұқсамайтынымызды, бірақ бірлік пен бейбіт өмірде тұрып жатқанымыз жөнінде ойға жетелеу.
- «Мінсіз сынып моделі», «Шынайы топтың моделі» жаттығуы.
Әңгімелесу.
- Барлықтарың бір сыныпта бірнеше жылдан бері оқып келесі4дер, кейбіреулерің тіпті бірінші сыныптан оқып келесіңдер. Қазір өз сыныптарыңның психологиялық климатына баға бересіңдер. Сендер бір - бірлеріңді түсінесіңдер ме, бір - бірлеріңе қол ұшын бересіңдер ме? Мектепке не үшін келеді? Біріншіден білім алу үшін, екіншіден балалармен араласуға. Бұл басты себептер. Кейбір бала сыныптастарымен қарым - қатынасты орната алмағандықтан мектепке барғысы келмейді. Қазір сендермен сыныпта әр бала өзін жақсы сезіну үшін, сыныпта қандай қасиеттер болу керектігі туралы әңгімелесеміз. Сыныпта барлығына жайлы болу үшін қандай қасиеттер болу керек деп ойлайсыңдар?
Парақта 16 бөлікке бөлінген шеңбер салынған. Психолог әр радиусты шеңбердің сыртқы жағынан сыныпта жайлы қарым - қатынас орнататын қасиеттерді жазады. Ол қасиеттер жайлы оқушыларға түсіндіріп, әр қасиет жөнінде түсінік қалыптастырады. Берілген қасиеттер төмендегідей болуы мүмкін: тең құқылық, мейірімділік, өзара көмек, сыпайылылық, достық, тыңдай білу, топқа қабылдау, эмпатия, альтруизм, құрметтеу, жақсылық, көңілділік, сөз бостандығы, жауапкершілік, ұйымшылдық, татулық т. б. Әрбір шеңбер радиусы 10 ұпай жүйесімен бөлінеді. Бұл шкаламен әр қасиетті бағалаймыз.
Әрі қарай психолог қасиеттерді бір - бірден атайды, ал топ мүшелері аталған қасиет өз сыныптарында қанша ұпайға байқалатынын атайды. Болғаннан кейін барлық нүктелер қосылып, нәтижесінде «өрмекші торы» пайда болады. Егер нүктелеріңіз орталыққа жақын болса, сыныптағы әрқайсысының жағдай қиын. Өрмекші торы шеңбердің шеткі жағына жақын болса, сыныптарыңның психологиялық ахуалы жақсырақ және әрбіреуіңнің сыныптағы жағдайы жайлы.
Кейін алынған нәтиже бойынша талдау жұмысы жүргізіледі. Сыныптың ахуалын қалай жақсартуға болады, топтағы қандай қасиеттерді дамыту керек, сыныптың ахуалын жақсартуға әрбір оқушы қандай үлес қоса алады. Мұнда психолог әрбір оқушы өзінің кемшіліктерін түзету үшін жұмыс атқару керектігі жөнінде ойға шақырады. «Өзімізді өзгертпейінше, біз топты өзгерте алмаймыз».
- «Ұғымдар» жаттығуы.
Сынып сабақтың басындағыдай 4 топқа бөлінеді. Әр топтың бір мүшесі адамдардың қандай қасиетін бағалайтынын атайды. А3 форматты парақта келесі сөздер жазылған: Өзара көмек, Достық, Кикілжің, Теңдік.
Әр топқа ватман мен маркерлер беріледі. Топтарға мынадай тапсырма беріледі:
- Эмблема немесе белгінің суретін салу.
- Осы сөздің мағынасын жазу.
- Осы сөзге девиз немесе лозунг жазу.
- Бұл ұғымның жақсы жақтары және жаман жақтары.
Ватмандар топтар арасында беріліп, әр топ басқа топтың жұмысын жалғастырады. Соңында ватмандар бастапқы топқа қайтарылады.
- «Тілектер» жаттығуы.
Қатысушыларға сыныптастарының есімі жазылған жапырақтар таратылады. Жапырақта есімі жазылған сыныптасына тілек жазу ұсынылады. Жазған соң жапырақшалар иесіне беріледі. Жазылған тілектер позитивті, жақсылыққа бағытталған болу керек.
Тренинг сабағының рефлексиясы.
– Кімге не ұнады, не ұнамады?
– Өздеріңе қандай қорытынды жасадыңдар. (Әр оқушының пікірін тыңдау.)
Қоштасу рәсімі «Күнбағыс»
Барлығы шеңбер құрып, аяқтарының ұшымен тұрып, күнге қол жеткізетіндей қолдарын жоғарыға көтереді, жақсылыққа, жетістікке, позитивке, мейірімділікке ұмтылады
Ата-аналарға арналған психологиялық тренинг «Менің отбасым – сыйластық орнаған ортам»
Мақсаты: отбасындағы тәрбие- өте маңызды рөл атқаратындығын көрсете білу, мектеп пен ата-ана байланысын ынтымақтастыру өзара серіктестік орнату, ата-ананың, баланың оқу – тәрбиеге қатысты жауапкершілігін арттыру.
Қатысушылар: ата-аналар.
Құрал — жабдықтар: түрлі- түсті бояу, желім, плакат, интерактивті тақта, таратпа материалдар.
Тренинг сабақтың міндеті: ата-ананың балаға деген сүйіспеншілігін байқау; өзінің және өзгенің даралығын бағалау, өзін құрметтеу; көңіл-күйді көтеру, сезім мен эмоцияны реттеу.
Тренинг барысы:
- Сәлемдесу рәсімі
- «Жанұя бақыты» жаттығу.
- «Сөйлемді аяқта» әдістемесі.
- Сергіту сәті «Өтінемін» ойыны
- Жағдаят шешу
- Жаттығу: «Тілек шамы».
- «Сиқырлы жүрек» ой – түйін
Отбасы – адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың басты ұстазы – ата-ана. Ата-анаға баладан жақын ешкім жоқ, сондықтан да баласының әдепті, білімді болып өсуін армандайды.
Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Отбасының басты қазығы алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Сондықтан да мектеп өміріне, бала тәрбиесіне белсене араластыру, мәдениетін арттыру, ата- ана мен мектеп арасында серіктестік орната отырып ынтымақтастықта жұмыс жасау мақсатында ұйымдастырылатын тренингтердің маңызы орасан зор.
І. Амандасу.
Мақсаты: Ата-аналарды орындарына отырғызу, жақсы психологиялық көңіл-күйді қалыптастыру.
«Сәлем – сөздің анасы» демекші кез-келген жерде, қандай жағдайда болмасын адамдар бір-бірімен қарым-қатынасқа жеңіл өту үшін алдымен амандасып, сәлем алысқаннан кейін жұмысы жөнінде сөз қозғайды. Бұл қашанда осылай болған, болады да, болуы керек. Дүниежүзіндегі сан алуан халықтардың сәлемдесу салты да түрлі-түрлі болып келеді. Қазір сіздерге бірнеше елдің амандасу салтын көрсетемін.
- «Еуропалықтар» — қолын қысады.
- «Жапондықтар» — иіледі.
- «Оңтүстік африкалықтар» — арқаларымен үйкелеседі.
- «Солтүстік африкандықтар» — оң қолын алдымен маңдайына, одан соң еріндеріне, содан соң кеудесіне әкеледі.
- «Замбезиде» Африка – тізе бүгіп, алақандарын соғады екен.
- Үндістер/ оңтүстік Америка/алақандарын бір-біріне қойып жоғары қаратып қастарына тигенше көтереді.
- Ал енді, өзіміздің ұлттық қазақша амандық – саулық сұрап, қал-жағдайымызды біліскенге не жетсін! Олай болса, қол алысып бір-бірімізбен сәлемдесейік.
Нұсқау: Алдымен өз есімдеріңіздің алдына адамның бойында бар жақсы қасиеттің біреуін айтып, өзіңіз туралы қысқаша мәлімет беруіңіз керек.
Мысалы: Мен бақытты – Бақытгүлмін;
Мен көңілді – Қуанышпын;
Мен дарынды – Дидармын.
Психолог келесі сұрақтарды қояды:
— Сізге кімнің өзін таныстыруы өте айқын, есте қалатындай әсерін тигізді?
— Сіз үшін қандай танысу өте ерекше, әрі күтпеген танысу болды?
— Кімнің өзін таныстыруы Сізге бірден жақын адам екенін сездірді?
— Кімнің айтқан ойы Сізге түсініксіз немесе таң қалатындай болды?
— Мүмкін, сол адамға Сіздің қоятын сұрағыңыз бар шығар?
Бұл сұрақтардың көмегімен қатысушылардың тілдік белсенділігін шақырып, олардың ойындарға, жаттығуларды орындауға қызығушылыгы бар ма, жоқ па екенін анықтап алуға мүмкіндік туады.
Әрбір бала- дара тұлға. Бала тәрбиесінде ата-ана балаға қысым көрсетуден, бала көзінше дөрекі сөйлеуден, жат қылықтар көрсетуден аулақ болып, үлгі болу керек. Сонда ғана білімді, жан- жақты дамыған ұрпақ тәрбиелей аламыз.
Конфеттер арқылы 2 топқа бөлеміз: «ӘКЕ» және «АНА»
ІІ. «Жанұя бақыты» жаттығуы.
Мақсаты: Ата-ананың бала тәрбиесіндегі қарым-қатынасы туралы түсініктер беру арқылы ата-аналардың білімін көтеруге көмектесу. Жаттығуымыздың шарты бойынша «Жанұя бақыты» үлгісін құру. Яғни, ата-ана өзінің отбасын салу және отбасы бақытын сурет арқылы көрсетіп, суреттің жан-жағына отбасы сөздері арқылы жеткізу керек.
— сыйластық
-мейірімділік
-өзара түсінушілік
— татулық
— сүйіспеншілік
— денсаулық
— салауатты өмір салты
Топ ішінен бір ата-ана жасалған жұмысын қорғайды.
ІІІ. “Сөйлемді аяқта” әдістемесі.
— Мен өз отбасымды жақсы көрем, себебі…
— Отбасы бұл…
— Отбасым бақытты болу үшін…
— Отбасымда зорлық — зомбылыққа жол жоқ, себебі…
— Мен қалар едім отбасымның…
ІҮ. Сергіту сәті: «Өтінемін» ойыны
Мақсаты: Ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынасты жақсарту, бір-біріне көңіл бөлу, бірін- бірі тыңдай білуге үйрету.
Қатысушылар ортаға жартылау шеңбер жасап тұрады.
— Құрметті ата-аналар! Сіздер, қандай сиқырлы күші бар сөздерді білесіздер?
— Рахмет, өтінемін, кешіріңіз, ризамын т.б.
— Мен әр түрлі өтініштер жасаймын, егер мен «өтінемін» деген сөзді айтсам сіздер оны орындауларыңыз қажет, «өтінемін»- деген сөзді айтпасам, сіздер сол өтінішті орындамайсыздар.
— Секіріңдер
— Оң аяқтарыңды көтеріндер
— Өтінемін, алақанмен қол шапалақтаңыздар
— Өтінемін, бір-біріңді құшақтаңыздар
— Оң қолдарыңмен сол құлақтарыңды уқалаңыздар.
— т.б.
Ү. Жағдаяттарды шешу. Алтын күздің соңғы жапырақтарын жинайық.
Мақсаты: ата-аналардың бала тәрбиесіндегі өзара түсіністіктерін қалыптастыру.
ҮІ. «Тілек шамы». /Балауыз шамы арқылы/
Мақсаты: тренинг туралы пікірлеріңізді ортаға салу.
Құрметті ата-аналар! Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасын түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ошақ ұя – жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір-бірімізге мына шамды бере отырып бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса, барлығыңыз да осы жерде айтуларыңызды сұраймын.
ҮІІ. Ата-аналар қажеттіліктерді түсіне отырып, ынтымақтастықта бірлесіп жұмыс істеу және әр тұлғаны тәрбиелеуде қателіктерге жол бермеу мақсатында ата-аналарға арналған жадынама таратылады.
ҮІІІ. Қорытынды
Ой — түйін: «Сиқырлы жүрек»
Нұсқау: Ал, енді мына жүрекке назар аударайықшы. Ол тірі емес, біз қазір оған жан береміз. Мына жүрекшелердің артына балаға деген ақ тілектеріңізді оқи отырып, үлкен жүрекке жапсырайық. Жүрек тірілді, ол үнемі дүрсілдеп соғып тұратын болады.
Қорытынды.
Ж.Ж. Руссо: «Бала туылғанда ақ қағаздай болып таза туады, оның үстіне шимақты қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі де солай сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді» — деген екен.
Ендеше, ата-аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біздер оларға үлгі болар бейне екендігімізді ұмытпайық. Олай болса балаға әрдайым жылы сөздер айтып, дұрыс тәрбие беруге сіз болып, біз болып бірге атсалысайық.
№ | Названия | Скачать |
1 | он күнге разработка | .docx |