Қыналы негізгі орта білім беретін мектебі
Ақтөбе облысының киелі жерлеріне саяхат
Өткізген: Отарбаева Ж.А.
Қаржаубаева З.Н
2020-2021 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Ақтөбе облысындағы киелі жерлерге саяхат
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды облысымыздағы киелі мекендерге саяхат жасай отырып, киелі мекендердің тарихы мен маңызы туралы мағлұматтар беру; Киелі жерлерге деген құрметін, сүйіспеншілігін қалыптастыру;
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Әдіс –тәсілдер: әңгімелесу,сұрақ-жауап
Көрнекілігі: слайдтар,киелі жерлердің суреттері, көрме.
Барысы :
-Сәлеметсіздер ме, құрметті білім алушылар!
Тұңғыш Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев қазақ халқының ұлттық болмысын, мәдениетін, тарихын, салт-дәстүр, әдет-ғұрпын, таным-түсінігін сақтау, жаңғырту жолында осыдан 4 жыл бұрын, яғни 2017 жылдың сәуір айында өзінің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласын ұсынған болатын. Аталған мақаласында Елбасымыз ХХІ ғасырдағы басты қаруымыз білім, ғылым, тіл мәселесі, латын әліпбиіне көшу,туған жер, атамекен, 100 жаңа қазақ тіліндегі оқулық, 100 есім сынды мәселелерді көтеріп, болашаққа нақты қадамдар мен жасалуы тиіс міндеттерді саралап көрсетті.
Елбасымыз осы бағдарламалық мақаласында:
Жергілікті нысандар мен елді мекендерге бағытталған «Туған жер» бағдарламасынан бөлек, біз халықтың санасына одан да маңыздырақ – жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымын сіңіруіміз керек.
Ол үшін «Қазақстаның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы керек.
Әрбір халықтың, әрбір өркениеттің баршаға ортақ қасиетті жерлері болады, оны сол халықтың әрбір азаматы білуі тиіс»деген болатын.
Дәл осы «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы»жобасы аясында біз бүгін сіздермен өзіміз туған мекеніміздегі, облысымыздағы киелі жерлерге саяхат жасаймыз.
Саяхат сабағымызды бастамас бұрын сіздерге мынадай ой-түрткі сұрақ:
- «Киелі», «қасиетті» деген сөздерді қалай түсінесіздер?
- Сіз үшін осы ұғымдардың маңызы қандай?
(оқушылар өз ойларын ортаға салады)
-Ендеше бүгінгі сабағымызда біз ардақтап кие тұтар рухани құндылықтарымызбен, бас иіп тағзым ететін мекендерімен,киелі, қасиетті жерлермен танысатын боламыз.
Ақтөбе облысы- еліміздегі ең ірі, маңызы зор облыс орталықтарының бірі.
14 аудан орталығынан құралған облысымызда тарихи-мәдени ескерткіштер, мұражайлар, батырлар мен бабаларымыздың кесенелері баршылық.
Ақтөбе облысы бойынша республикалық маңызы бар киелі жерлер тізіміне енгізілген 12 ескерткіш:
1.Қобда ауданындағы Абат Байтақ қорымы
2.Қобыланды батыр мемориалдық кешені
3.Исатай батыр кесенесі
4.Әйтеке би ауданындағы Әбілхайыр хан жерленген «Хан моласы» қорымы
5.Кенесары ханның қарындасы – Бопайдың моласы
6.Темір ауданындағы Досжан Ишан мешіті
7.Шалқар ауданындағы Есет-Дәрібай Көтібарұлының кесенелері.
8.Алға ауданындағы Есет батыр Көкіұлының мемориалдық кешені
9.Хромтау ауданындағы Ойсылқара қорымы
10.Ырғыз ауданындағы Жаманшың метеорит кратері
11.Алға ауданындағы Әубәкір Кердерінің кесенесі
12.Байғанин ауданындағы Қызылүйік ғибадатханасы
Абат Байтақ қорымы-Батыс Қазақстандағы діни-жерлеу кешені, зират.
Қазақстанның Ақтөбе облысы Қобда ауданы Талдысай ауылының 12 шақырым жерде орналасқан кесене.Кесене күйдірілген кірпіштен салынған.Зират сәулетті –жоспарлық және көркемөнер шешімімен ерекшеленетін әртүрлі құрылыстардан екі бөліктен тұратын,қырлы дағыра мен конустық күмбезді кесене. Кесенеден батысқа қарай қашаулы 200 құлпытастар орналасқан.
Қобыланды батыр мемориалдық мұражайы 2007 ж 8 қыркүйек күні ашылды.Бұл жерде бұрын Қобыланды батырдың моласы болған.Батырға арнап өз заманында кесене тұрғызылған.Сәулетшісі – Бек Ибраев. Кешеннің құрамына Қобыланды батырға арналған мазар(батырдың дулығасы іспетес), пішіні садақ сияқты ғимарат(онда батырға арналған «Даңқ» бөлмесі және бірнеше белгітастар қойылған. Ол тастар кезінде Қобыланды батыр табынған қасиетті тастар болып саналып, «Қайрақ тас « аталған.
Исатай батыр кесенесі- Ақтөбе облысының Шейітсай елді мекенінде тұрғызылды. Батырдың сүйегі де осы жерге жерленген деген дерек бар.Кесене Атырау азаматтарының қолдауымен салынған. Биіктігі 10,5 метрді,ені 6 м қүрайды. Кесене ішінде Исатай батырдың және оның ұлы Оспанның өмір сүрген жылдары мен Исатай батырдың бейнесі, соынмен бірге Махамбет ақынның «Арыстан Туған Исатай, дегеніне жете алмай, Арманда өтіп кетті деп, Қианлсаңыз біздерге, Мың сан рахмет сіздерге»деген өлең жолдары қашап жазылған.
Әйтеке би ауданындағы Әбілқайыр хан жерленген «Хан моласы» Кіші Жүздің ханы Әбілқайыр Мұхаммед Қазы Баһадүр жерленген орын. Әйтеке би ауданы Толыбай ауылынан шығысқа қарай 90 шақырым ,Қабырға өзенінің Өлкейек өзеніне құяр сағасынан батысқа қарай төрт шақырым жерде орналасқан.
Досжан Ишан мешіті-Ақтөбе облысының ресми туристік порталы.Мешіттң ұзындығы шамамен 28 метр,ені 11 метр,биіктігі ғ метр шамасында. Алты бөлмесі бар,терезелері адам бойынан ұзын. Бөлме ішінде ешқандай тіреу жоқ. Терезесінде ешқандай қиық, белдік жоқ, күмбез бұранда түрінде жасалған. Мешіт ішінде аят хадистер қызыл бояумен боялған. Кіре берісте азан айтатын мұнарасы болған.Қазіргі уақытта бұл мешіттің төбесі құлаған, қабырғалары ғана тұр. Бұл мешітте ишандар, сопылар білім алып, елге қызмет еткен.
Досжан Қашақұлы – белгілі діни қайраткер. Кіші жүз табын руының Қоңы тайпасынан. Құранды жатқа оқып, Меккеден 17 жасында Жас Хазірет атанып елге оралған.
Кенесары ханның қарындасы Бопай моласы-(туған-өлген жылдары белгісіз)- К.Қасымұлы көтерілісіне белсене қатысушылардың бірі.Кенесары қарындасы.Жерленген жері- Әйтеке би ауданы, Кілемжайған ауылынан солтүстік батысқа қарай 15 шақырым жерде.
Есет -Дәрібай кесенесі- ХІХ ғасырда өмір сүрген халық батыры Есет Көтібарұлының құрметіне тұрғызылған ескерткіш.Ол облыстың Шалқар қаласынан 65 шақырым жерде.1980 ж алғашқы нұсқасы, 1993 жылы Шалқар халқының бастамасымен ұлттық нақышта қайта салынды. Кесене құбылаға қарағанда оң жағындағысы-інісі Дәрібайдың тамдарынан тұрады.Осы екі тамның ортасында биік шырақ мұнарасы бар,бұлардың аумағына тас төселген. Мұнара биіктігі-16 метр. Мұнарадағы мрамор тақтаға сол кездегі тариха тұлғалардың аттары жазылған. Кесене басында шырақшы тұрады. Ақтөбе облысындағы туристі бағдарға енгізілген кешен. Есет әулие басына барып түнеушілер көп. Бұл кесене сәулетшісі- «Ұран Бақтыбай баба» ұрпағы- Оразбай Әділбаев.
Есет Көкіұлы кесенесі-Ақтөбе қаласынан 35 оңтүстік-шығыс,Бестамақ а жанында биік төбенің ұшар басында.Есет тамы 1950 жыл салынған.уақыт озғасын жер болып кеткен. Екінші рет 1979 ж жергілікті тұрғындар батырдың әруағын сыйлап, биіктігі 1,5 метр, ені 3 м ұзыныдығы 5 м етіп кірпіштен салған. Алайда діни нанымға табынушылық деп кезінде кесене құлатылған. 1992 жылы халық қаражатына Маңғыстау ұлутасы мен мәрмәр пайдаланыылып, қазақтың киіз үй күмбезіндей кесене тұрғызылды.
Хромтау ауданындағы Ойсылқара қорымы-Ақтөбе облысының Хромтау ауданындағы ең ірі мемориалдық кешен. Қорымның эпонимі әулие,түйенің пірі Ойсылқара болып саналды.Бұл кешен 18-20 ғғ шығыстан батысқа қарай созылған 150 бейіт орналасқан дәстүрлі ескерткіштерден құралған көне қорым.
Ырғыз ауданындағы Жаманшың метеорит кратері-планетамыздағы теңдесі жоқ табиғатың ғажайып құбылысы- Жаманшың метеорит кратері. Ғалымдардың пайымдауынша 700 мың жыл бұрын осы Жаманшыңға алып метеорит түскен. Сол 10 мыңдаған мегатонна бомбаның қуатындай жарылыстан тереңдігі- 700 м, диаметрі 5,5 шақырымға созылған шұңқыр пайда болған.Соның әсерінен импактит, тектит, иргизит жыныстары пайда болған.
Алға ауданындағы Әубәкір Кердерінің кесенесі- Ә.Кердері –ақын.Зираты-Жабасай қорымында.
Байғанин ауданындағы Қызылүйік ғибадатханасы-Байғанин ауданы, Дияр ауылынан 65 км оңтүстік шығыста орналасқан.1999 ж зерттелген. Қызғылт ұлутас пен топырақтан салынған ескерткішті ашық күндері алқызыл болып тұрғандықтан «Қызылүйік» деп атаған. Кешен негізгі салт-жоралық ғимараттан ор және ор іші құрылымдарынан, ғибадатхана ішіндгі ғұрыптық қоршаулар мен тігінен қойылған сарматтық тас мүсіндерден тұрады.
Кері байланыс
Саяхат сабақтан алған әсерлерін, өз ойларын ортаға салады. Сұрақтар қояды.
-Қорытынды
- Қазақ халқы қашанда киелі, қасиетті жерлерін ардақ тұтып, тағзым етіп табынған. Көне ескерткіштеріміз бен кесенелеріміз уақыт озып, көнеріп жатса «Мәдени мұра» бағдарламасы негізінде қайта қалпына келтірілуде. Бұл құнды мұраларымыз қашанда мемлекет қорғауында. Және бұл мұраларымызға біздің де құрметіміз зор болу керек.
№ | Названия | Скачать |
1 | қылмыс және жеткіншек | .docx |
2 | киелі жер саяхат | .docx |
3 | ата-ана тізім 2020 | .docx |
4 | ата-ана жоспар жылдық | .docx |
5 | адал ұрп.жоспар | .docx |